Skip to content

Таза Қазақстан

“Тәрбие — тал бесіктен, тазалық — табалдырықтан”
«Білім бөлімі мен аудан ұстаздары бүгінгі #ТазаҚазақстан акциясына бір кісідей атсалысты. Біздің мақсатымыз — шәкірттерімізге тек кітаптағы білімді беріп қана қоймай, оларды туған жерді аялауға баулу. Өз қолыңмен егілген ағаш — адамның табиғат алдындағы жауапкершілігін сезіндіретін ең үлкен тәрбие. Елді мекендерді көгалдандыру — ортақ ісіміз! 📚🌱
Ағаш отырғызу — болашаққа хат жазумен тең. Бүгін біздің білім беру мекемелерінің ұжымдары ауданымызды жаңа көшеттермен толықтыруға қатысты. Бұл ағаштар біздің оқушыларымызбен бірге бой түзейді. Баланың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру арқылы біз ертеңгі саналы қоғамды құрамыз.
#ТазаҚазақстан

#Ұстаздар ұжымы

#ЖасылАймақ


03.04.2026ж

#”Таза Қазақстан” жалпы ұлттық экологиялық акциясы.

“Таза Қазақстан” жалпы ұлттық экологиялық акциясы аясында бүгін балабақшамыздың ұжымы бірігіп, Талшық ауылының көшелерінде сабаттандыру мен тазалық жұмыстарын жүргізді.
Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өткені “Таза Қазақстан”, – бұл бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз.

#Таза Қазақстан

“Таза Қазақстан” науқаны аясында балабақшамыздың ұжымы бірігіп, Талшық ауылының көшелерінде тазалық жұмыстарын жүргізді.
Елімізді абаттандыру және көгалдандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бір реттік науқан емес, жалпыұлттық міндет.