МКҚК «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы барша қазыналы қарттарымызды Қарттар күнімен шын жүректен құттықтайды! ❤️
Қарттарымыз – отбасының берекесі, ақылдың кені, өмірдің үлкен мектебі. Үлкенге құрмет көрсету – ұрпаққа үлгі, ұлттық тәрбиеміздің асыл құндылығы. 🤍
Осы айтулы күнге орай балабақша ұжымы қарт жандарға арнайы азық-түлік себеттерін табыстап, ақжолтай тілектерін білдірді. 🥖🍎🛍️
Әр шаңыраққа амандық, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және көңілдеріңізге қуаныш тілейміз!
Қарттарымыздың мерейі үстем, ғибратты ғұмыры ұрпақтарына үлгі болсын! 🌿
💐 Үлкенге құрмет – кішіге міндет!
#Айгөлек #ҚарттарКүні #ҮлкенгеҚұрмет #Ізгілік #Қамқорлық #БіртұтасТәрбие #АдалАзамат



