18.03.2026ж
Ұлттық киім күні
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#наурыз мейрамы
#ұлттық киім
#Ұлттық киім кию челленджі.
Қазақ халқының ұлттық киімдері – этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған.
Мақсаты: Ұлттық кодты сақтау, ата—баба мұрасын құрметтеу және дәстүр сабақтастығын жаңғырту.