"Ұлы күнде ұлы той" наурыз мерекесі

Наурыз - көнеден келе жатқан мереке. Қыстан аман шыққан халық Наурызды асыға күтеді. Барлық қуаныш пен жақсылықтың бастауы болсын, деп тілек білдіріп жатады. Наурыз мерекесінен балалар да шет қалмады. Ұлық мерекені балабақшадан атап өтудегі басты мақсат - салт-дәстүр, Наурыз құндылықтарын дәріптеу. Бұл - бала тәрбиесіндегі басты қағида. Осындай игі шара МКҚК «Айгөлек » балалар бөбекжай-бақшасында өткізілді.Бұл дәстүрлі шараға барлық топтар, тәрбиешілер қатысты. Балабақша меңгерушісі С.А.Ахметованың құттықтау сөзімен ашылған шара көңілді ән мен мың бұралған биімен жалғасты. «Балдәурен », «Жұлдыздар» тобының кішкентай бүлдіршіндері өю-өрнектеп тігілген, көздің жауын алатын киімдерді киіп, «Наурыз» биін билеп, «Көктем келді» әнін салып, ұлттық ойындар , қол күрестен өнерлерін көрсетіп, көрермендерді таң қалдырды. Сонымен қатар Наурыз мерекесіне арналған ұлттық нақыштағы бейнеленген киіз үйдің ішіне қазақтың кебежесін, шымылдығын, ат әбзелдерін, ыдыс-аяқтарын қойып безендіріп, дастархан жайылып, арнайы дайындалған. «Балапан», «Еркемай» топтары «тұсау кесу», «баланы бесікке салу», «шашу» шашу сынды ұлттық көріністерін көрсетіп, мерекенің шырайын келтірді. Шара соңында қонақтар арнайы дайындалған наурыз көжеден дәм татып, баталарын берді.